07 Шілде, 2018

Ақжайыққа 20 мың бекіре шабақтары жіберілді

ATPress.kz. 7 шілде. Балықшылар күні мерекесіне орай бүгін Атырауда таңертең ертемен Жайық өзенінің жағасында спорттық балық аулау бойынша турнир өтті, жеңімпаздар түрлі номинациялар бойынша жүлделер мен сыйлықтар алды.

Шипажай маңы жағалауында екі бекіре зауыты өзенге бекіре балықтарының 20 мың шабағын жіберді, деп xабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Жиырма мың шабақты өзенге жіберуіміз кездейсоқ емес. Биылғы жылы Атырау облысының аумағында жұмыс істейтін екі бекіре зауыты өздерінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Сондай-ақ, бұл маңызды күн Қазақстан Астанасының 20-жылдығына тұспа-тұс келді. Бұл жыл сайынғы дәстүр жас балықтардың шығарылуы аймақтағы құнды балықтар санының артуына әсер ететініне сенімдіміз, - дейді Жайық-Атырау бекіре зауытының директоры Гилман Сарсемалиев.
Іс-шара барысында фестиваль қонақтары үшін бекіре балықтардың көрмесі ұйымдастырылды. Онда ресейлік бекіре тұқымдас тікенек, ақсерке бекірелерінің ересек түрлері көрсетілді.
Облыстық әкімдіктің алдындағы сұлтан Бейбарыс алаңында Атырау өндірушілерінің балық өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Мұнда Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтар жаңа піскен, құрғақ және ысталған балықты, сондай-ақ түрлі жартылай фабрикаттарды сатып алды.
Мереке күнімен жұртшылықты Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов құттықтады.
- Жыл сайын біздің екі бекіре зауыты өзенге шамамен 7 миллионға жуық жас шабақтарды жібереді. Біздің өндірістік кооперативтер жылына 12 тоннаға дейін балық алады, олардың 85-90 пайызы экспортталады. Бұл Атырау облысындағы балық өнеркәсібі жақсы қарқынмен дамып келе жатқанының тағы бір көрінісі, - деді Серік Шапкенов өз құттықтау сөзінде.
Іс-шараның барысында балық өнеркәсібінің ардагерлері мен осы сала қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттады. 
Айта кетейік, балықшылар күні мерекесі сағат 19.00-де сұлтан Бейбарыс алаңында мерекелік концерт және мерекелік отшашумен аяқталды.

Тасым Әбіш 

Тегтер: шабақ балықшы балық мереке