06 Шілде, 2018

Астана – жасампаздықтың символы

ATPress.kz. 6 шілде. Ел жүрегі - Астана қаласының 20 жылдығын Жылыой ауданы салтанатты жағдайда атап өтті.

Жергілікті жұртшылықты құттықтаған Жылыой ауданы әкімі Азамат Бекет Астана күні мерекесінің бірлік пен тірліктің, экономикалық дамудың, мәдениет пен ғылыми өрлеудің символы екенін атап өтті. Шара барысында бір топ жылыойлық азаматтар «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Салтанатты шарада Назгүл Жиенбаева «Астана вальсін», Таңатар Темірханов «Қазақ елі» әнін және Қайрат Жұмағалиев қазақ күйлерінен поппури орындады. «Жем аруы» бишілерінің хореографиялық композициясы көрермен қошеметіне бөленді.


Ж. Шаңқанова

Тегтер: мәдениет Астана мереке