06 Шілде, 2018

Жылыой ауданында «Жұлдызды кеш» караоке жарысы өтті

ATPress.kz. 6 шілде. Жылыой аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жұлдызды кеш» атты караоке сайысы өтті.

Оған аудан жастары арасынан жиырма адам қатысты. Мақсаты - жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, өнерпаздарды халыққа таныстырып, оларға мәдени демалыс ұйымдастыру. Қатысушылар қазақ тіліндегі арнайы ұсынылған әндерді шырқады. Көрермендер қатысушыларға зор қошемет көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша I орынды Ақылбек Едігеев, II орынды Нұрлыбек Амандықов, III орынды Асыл Нұрхасанова иеленді. Барлық қатысушылар диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.


Ж. Шаңқанова

Тегтер: жастар сайыс шығармашылық аудан