06 Шілде, 2018

Тыйым салынған жерлерге суға түспеңіз!

ATPress.kz. 6 шілде. Шомылу маусымы басталуына орай, Құрманғазы ауданында қауіпсіздік шаралары қолға алынуда.

- Қауіпсіздік шаралары Құрманғазы ауылымен бірге, Мақаш, Еңбекші, Орлы, Нұржау, Жаңаталап, Ақкөл және басқа да ауылдық округтерді, Қиғаш бойын қамтиды. Тік жарларда, теріс ағысты жерлерде шартты белгілер бар. Тыйым салынған жерлерге суға түсуге болмайды, - дейді «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі Құрманғазы аудандық бөлімшесінің құтқарушысы Есбол Дарғожин.

Бұзауслан өзенінен өтетін көпірде суға түсуге тыйым салған жазу тұр. Бірақ, бұл жерден де балалар суға секіреді. Көпір астында құбырлар жатыр. Самаркин ауылындағы көпірдің астында да суға түсуге тыйым салынғанымен, шомылушы балалалар саны азаймауда.

- Өзенге шомылуға келгенде, баланың жанында ата-анасы болғаны дұрыс. Қайғылы жағдайға жол беріп, бармақ тістегенше, оның алдын алған тиімді, - дейді құтқарушылар.


Қанат Ғұмаров

Тегтер: жедел құтқару су шомылу