06 Шілде, 2018

Индерлік түлектер тағы да үздік

ATPress.kz. 6 шілде. Индер ауданында орналасқан М. Әуезов атындағы орта мектепті «Алтын белгімен» бітірген түлектер Астана медициналық университетін «үздік дипломмен» тамамдады.

Индер ауданында орналасқан М. Әуезов атындағы орта мектепті 2013 жылы «Алтын белгімен» бітірген түлектер Гаухар Алтыбайқызы мен Айкенже Қалыбайқызы Астана медициналық университетін «үздік дипломмен» тамамдады.

Астана қаласындағы жоғары оқу орынынан медицина мамандығы бойынша 700 студент мемлекеттік емтихан тапсырған болса, олардың арасынан 52-сі ғана «үздік дипломды» иеленген екен.

Аймақта медицина мамандарына тапшылық әлі күнге сақталып тұрғанын ескерсек, айтулы оқу орнынының білікті кадрларды дайындайтыны қуантарлық жағдай.


С. Бисенов

Тегтер: медицина университет үздік диплом