06 Шілде, 2018

Атырауда мерекелік шаралар жалғасуда

ATPress.kz. 6 шілде. Астананың 20 жылдығына орай, атыраулықтарды аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев құттықтады.

- Астана-бірлік пен берекенің, еліміздің телегей табыстарының символы. 20 жыл ішінде Астана еліміздің жүрегіне айналды. Мұның бәрі Мемлекет басшысының идеяларының сәтті жүзеге асқанының көрінісі. Бүгінгі Астана армандарды, шығармашылық жоспарлар мен инновациялық идеяларды, батыл бастамаларды жүзеге асыру алаңы, - деп атап өтті обоыс әкімі.

Мерекелік шарада Атырау облысының 33 тұрғыны «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Олардың арасында еңбек ардагерлері, облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, білім беру, медицина, БАҚ салаларының қызметкерлері бар.

Астана күнінде Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына мерекелік бағдарлама ұсынылады. Бағдарламада балалар шығарашылығы фестивалі, стритболдан спорттық жарыс, қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті, мерекелік отшашу бар.

Және 7 шілдеде Астана күні мерекесінің аясында Атырауда алғаш рет «Atyrau Marathon. NIGHT RACE» түнгі жаппай жүгіру жарысы өтеді.


Тасым Әбіш

Тегтер: мереке Астана 20жыл