05 Шілде, 2018

Атырауда 195 отбасына пәтер табысталды

ATPress.kz. 5 шілде. Бүгін Атырауда 195 отбасы пәтерлі болды. Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында тапсырылған үйлер Атырау қаласының «Береке» ықшам ауданында орналасқан.

«195 пәтерлі төрт тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы берілді», - деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа қоныс иелерін Атырау қаласы әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов құттықтап, жыл аяғына дейін 34 үй пайдалануға берілетінін хабарлады.

2018 жылы облыста 3892 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оның 39-ы облыс орталығында, 5  үй аудандарда. Айта кету керек, бұл тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіш.


Тасым Әбіш

Тегтер: пәтер нұрлы жер Астана 20жылдық