05 Шілде, 2018

Атыраулық спортшылар Арман Әшімовке арнап бейнеролик түсірді

ATPress.kz. 5 шілде. Жақында Ресейде өткен чемпиондық кездесуде Арман Әшімов қолынан алған жарақатына байланысты кездесуді жалғастыра алмаған болатын.

Осыған байланысты Атырау облысының спортшылары аралас жекпе-жектен "M1 GLOBAL" тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы, жекпе-жектен тұңғыш рет өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Арман Әшімовті қолдау мақсатында бейнеролик түсірді.

«Басты мақсат – ел намысын қорғап жүрген оғланға демеу білдіріп, онымен бірге екенімізді көрсету», - дейді атыраулық спортшылар.

Бейнероликте Арманға дем берушілер қатарында парадзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері Әнуар Сариев, пара-таэквандодан әлем, Еуропа және екі дүркін Азия чемпионы Нұрлан Домбаев, паражүзуден әлем кубогінің иегері Ержан Сәлімгереев, муайтайдан әлем және Еуропа чемпионы Дидар Болатов, панкратионнан әлем чемпионатының жүлдегері Жасұлан Хасимов және Атырау бокс клубының жас спортшылары бар.

 

Тасым Әбіш

Тегтер: спорт жекпежек чемпион қолдау