03 Шілде, 2018

Жылыой ауданына жаңа әкім тағайындалды

ATPress.kz. 3 шілде. Азамат Бекет Атырау облысына қарасты Жылыой ауданының әкімі атанды.

Оның кандидатурасын аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Жылыой аудандық мәслихат депутаттарына ұсынды.

Бұған дейін Атырау облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған Азамат Бекет жоғары білімді, Қазақ мемлекеттік-құқықтық университетін (құқықтану), Экономика және құқық академиясын (қаржы) бітірген. Құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарында еңбек еткен.

2004 - 2013 жылдары ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде қаржы полициясы болып қызмет атқарған. Астана, Алматы қалаларында, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінде еңбек етіп, бай тәжірибе жинақтаған. Қазіргі дәрежесі – қаржы полициясы капитаны.


Тасым Әбіш

Тегтер: Жылыой тағайындау аудан әкімі