03 Шілде, 2018

Кішкентай Інжудің үлкен жеңісі

ATPress.kz. 3 шілде. Талант адамда жүре келе пайда болмайды. Ол адамның жарық дүниеге келмей тұрып пешенесіне жазылатын бақ.

Балабақшаға барып жүрген кішкентай Інжу Жұмабек Атырау қаласында өткен облыстық байқаудан «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған еді. Күні кеше ғана Алматы қаласында өткен республикалық «Қазақстан таланттары» рухани-патриоттық байқауында кішкентай Інжу бас жүлдені иеленді.

Өнерпазды байқауға саз жетекшісі С. Құрманова, «Аққайың» балабақшасының тәрбиешілері А. Жұмағалиева, Б. Жұманова мұқият дайындады. «Інжуден келешекте танымал эстрада жұлдызы шығарына сенеміз» дейді оның тәлімгерлері.


Ж. Шаңқанова

Тегтер: рухани патриоттық байқау