25 Маусым, 2018

ҰБТ қорытындысымен Индер ауданында ең жоғары ұпай – 122 баллды құрады

ATPress.kz. 25 маусым. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы кезінде Индер ауданы бойынша ең жоғарғы баллдық көрсеткіш 122 ұпайды құрады.

Оны М. Әуезов атындағы орта мектебінің түлегі Сағида Сайнова алып отыр. Аталмыш аудан бойынша биыл мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан 290 түлектің 190-ы тест тапсырды.

«ҰБТ қорытындысы бойынша ауданымыз 62,1 балл жинады. Биыл 10 түлегіміз 100 баллдан жоғары жинағандар қатарында, ал 47 түлек шекті балл жинай алмады. Сондай-ақ, сынақ қорытындысымен «Көктем» қазақ, С. Сейфуллин, Б. Нысанбаев атындағы орта мектептері көш басын бастап тұр», - дейді Индер аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Шәрбану Сабирова.

Жалпы аудан бойынша биыл 12 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Сынақ қорытындысы бойынша олардың алтауы 100-ден жоғары балл жинады.

 

Диас Ағысұлы

Тегтер: ҰБТ тест Индер Атырау