23 Маусым, 2018

Атыраулық қырық бала Италияда демалуда

ATPress.kz. 23 маусым. Атыраулық қырық бала жазғы демалыстарын Италия жерінде өткізеді.

"Жетім жəне аз қамтылған отбасы балаларының шет елге барып, демалуына жолдаманы Атырау облысының білім басқармасы қамтамасыз етуде", - деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Италияның Чезенатико қаласында орналасқан жазғы демалысқа аттанған балаларды қамқоршылары мен достары шығарып салды. Италиядағы екі апталық демалысқа облыстық білім беру басқармасы қаражат бөлген.

Мәселен, "Шаңырақ" отбасылық типтегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне жеті билет берілген болса, 32 жолдама Атырау қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің қамқоршы және қамқорлықтағы балаларға, сондай-ақ, патронаттық тəрбиедегі балаларға, 1 жолдама №4 облыстық санаторлық-интернатының тәрбиеленушісіне ұснылды.

"Мен үшін биылғы жазғы демалысым өте қызықты болмақ. Бұл сапарда жаңа достар табамын, ағылшын тілін тереңірек меңгеріп, сәулет ескерткіштерін көретін боламын. Италиядағы ұмытылмас және әдемі орындарды көремін. Сапардан алған әсерім, өмір бойы есімде қалатын болады", - дейді Атырау қалалық № 12 орта мектептің оқушысы Əсемай Нұржігітова.

        

Тасым Әбіш

Тегтер: демалыс жаз балалар