23 Маусым, 2018

Астана ­ балалардың көзімен

ATPress.kz. 23 маусым. Балалардың жазғы демалысын қызықты өткізуіне атсалысып жатқан Атыраудағы лагерлер мен қосымша білім беру ұйымдарындағы балалар арасында асфальт бетіне сурет салудан жарыс өтті.

"Шара облыс əкімдігінің маңында ұйымдастырылды", - деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Мақсат бүлдіршіндердің Астанаға деген сүйіспеншілігін сурет арқылы жеткізу. Қатысушылар Астана қаласындағы əдемі ғимараттардың бейнесін əдемілеп салды. Балалардың салған суреттерін облыс əкімі Нұрлан Ноғаев тамашалап, жас таланттарға өз ризашылығын білдірді", - дейді ұйымдастырушылар.

Жазғы маусымда баланың қабілеттілігіне қарай үйірмелер жұмыс жасауда. "Алдағы уақыттарда лагердегі балалардың Атырау қаласына саяхатын ұйымдастырып, облыстық музейлерді аралататын боламыз", - дейді Атырау облыстық білім беру басқарма басшысының орынбасары Злиха Дүйсекенова.

Шара соңында барлық балаларға алғыс хат табысталды.

Айта кетелік, қазіргі кезде Атырауда қала мектептері жанында 53 лагерь жұмыс жасауда. Облыс бойынша лагерьлер саны 150-ден асады.


Тасым Әбіш

Тегтер: балалар жазғыдемалыс Атырау