22 Маусым, 2018 1558

«Дендер» газеті авторларын ұлықтады

ATPress.kz. 22 маусым. Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні қарсаңында Индер аудандық ардагерлер кеңсесінде штаттан тыс тілші-авторлармен кездесу өтті.

Оған жергілікі редакциямен ұзақ жыл тығыз байланыс орнатып, газеттің мазмұнды шығуына атсалысып келе жатқан Есбол ауылындағы 90 жастағы Ағиба Қалбағаевамен бірге редакция жанынан құрылған «Қауырсын қалам» үйірмесінің оқушылары қатысты.

Кездесуде «Дендер» аудандық газетінің бір жылғы жұмысы баяндалды. Одан соң сұхбат бейресми форматта өрбіді.

Кеш соңында белсенді тілші-авторлар марапатталды.

Д. Айбар, Индер ауданы


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #байланыс ақпарат құралдары кәсіби мереке Атырау Индер