28 Мамыр, 2018

Атырауда сауда үйі өртенді /ВИДЕО

ATPress.kz. 28 мамыр. Атыраудағы С. Датов көшесі, 197 «б» мекен-жайында орналасқан «Бастау» сауда үйі өртенді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Олардың мәлімдеуінше, өрт бүгін, яғни 28 мамыр күні, сағат 13.25 шамасында тұтанған. Бір қабатты сауда үйін шарпыған «тілсіз жаудың» жалпы ауданы 280 шаршы метрді құрап отыр. 



Өрт 14.38-де толық өшірілген. Оны сөндіруге жеке құрамдағы бірнеше қызметкер мен арнаулы техникалар жұмылдырылыпты.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

Қайтыс болғандар мен жарақат алғандар жоқ.


Айдос Қарабала

Видео @atyrauoil-дың Instagram парақшасынан алынған