25 Мамыр, 2018

Қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды /ВИДЕО

ATPress.kz. 25 мамыр. Атырауда қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Олардың айтуынша, қылмыстық топ биылғы жылдың ақпан және наурыз айларында Атырау қаласындағы жанар-жағар май бекеттерінде қарақшылықпен шұғылданған. 



Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 192 бабының 2 бөлігімен (қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, іске қатысы бар бес күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған.


Айқара Ғұмар

Видео Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен алынған